Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып бүлдіршіндері.

03.09.2020

Бүгін 2020-2021 жаңа оқу жылы мектебімізде ерекшеліктерге толы бастау алды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып бүлдіршіндері үшін сағат: 10.00-14.00 аралығында мектеп қабырғасында мерекелік сынып сағаты ұйымдастырылды. Сынып сағатына оқушылар 2 топқа бөлініп, белгіленген уақытта, арнайы санитарлық талап, ережелерді сақтай отырып, атсалысты. Бүлдіршіндер мектеп, білім туралы, Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа айтып мерекелік тарту жасады. 1 сынып оқушыларын сынып жетекшілері мектеппен таныстырып Ата-аналар ұжымы бүлдіршіндерді сыртта тосып, мектеп қоршауы сыртындағы безендірілген арнайы сурет алаңында естелікке суретке түсті. 1 сынып оқушылары мерекелік көңіл-күйде болды.
2-11 сынып оқушыларына сынып жетекшілер тарапынан сағ:10.00 және 14.00 де білім сағаты өтті. Білім сағаттары еліміздегі атаулы мерекелер Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналды. «Сынып Қонағымен бір сағат» онлайн – платформасы: бойынша - танымал дәрігерлер, қоғам қайраткерлері, мәдени қызметкерлер, журналистер, үлгілі ата-аналармен тікелей эфирдегі кездесулер өтті. Оқушылар мерекелік сынып сағаттарына жоғары белсенділікпен, қызығушылықпен, шығармашылықпен үлес қоса білді.
Қымбатты оқушылар, ардақты ұстаздар, құрметті ата-аналар Білім күні мерекесі құтты болсын! Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктер мен шығармашылыққа жетелесін!

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено