БІЛІМДІ ҰРПАҚ – КЕМЕЛ БОЛАШАҚ
01.09.2020Бүгін 1 қыркүйек Білім күні және жаңа 2020-2021 оқу жылының басталуына орай салтанатты cынып сағаттары болып өтті.
Жайнаған жаздың қызықты думанын өткізіп, алтын ұя мектебін сағынған оқушыларды, ардақты ата-аналарды мектеп директоры Күнімбала Ізтөлеуқызы жаңа оқу жылымен құттықтап, ұстаздар қауымына табанды еңбек, шығармашылық табыс тіледі.
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға байланысты шектеулер ескеріліп, кезекші сыныптарда сынып сағаттары қатаң санитарлық талаптарға сай өткізілді, ал қашықтан оқытылатын сыныптар қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары арқылы ұйымдастырылды. Сынып сағаттары барысында оқушыларға денсаулықты сақтай отыра, білімнен қол үзбеуге, тәрбиелі болуына, әлеуеттенуіне, күнделікті оқу режимін сақтауға, жеке бас гигиенасы талаптарын қатаң ұстану туралы түсіндірілді. Сынып сағаттары ҚР Контитуциясының 25 жылдығы, Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мерекелік даталары аясында өрбіді.
Сондай-ақ, биылғы оқу жылы біздің мектеп үшін ерекше мерекелік жағдайда өтпекші. Өйткені, мектебіміз есімін иеленіп отырған Міржақып Дулатұлының туғанына 135 жыл толады. Қаламгердің өмірі мен шығармашылық қызметі біз үшін үлгі-өнеге. Міржақып Дулатұлы елін, жерін сүюдің және биік адамгершілік пен білімділіктің үлгісі болып қала бермек.
#білімкүні






Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
