РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫС ТУРАЛЫ
14.08.202012-13 тамыз күндері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының республикалық тамыз конференциясы болып өтті. Биылғы жылғы Тамыз конференциясы пандемиялық жағдайға байланысты қашықтықтан онлайн түрде өткізілді. «Қашықтық форматында педагогтердің кәсіби дамуы: жағдайы, мәселелері, болашағы» тақырыбында өтті. Секция жұмыстарына мектеп басшылары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері мен психологтар қатысты. ПШО тренерлері Нугербаев Төлеген Кәкімұлы мен Алданыш Ақерке ұйымдастырған «Сараланған оқыту: Қашықтан оқытуды енгізу жағдайында әр оқушыға қолдау көрсетудің тиімді формалары мен әдістері» тақырыбындағы пән мұғалімдеріне арналған онлайн секция жұмысына қала мектептерінен 300-ге жуық ұстаздар қатысты. 12 секциялық залда кіші топтарға бірігіп жұмыс жүргізілді. Жетекші мектеп ретінде А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің ұстаздары Қ.Ибраймова, Г.Махантаева, А.Дүйсенбай секция жұмысында кіші топтарда модераторлық қызмет жасап, конференцияға қатысушылармен тақырыпты ашуға бағытталған тапсырмалармен жұмыс жүргізді. Қазіргі таңда өзекті болып отырған оқыту форматының түрлері қарастырылып, әдістемелік қолдау көрсетілді. Секция жұмысының соңында қатысушыларға бонус ретінде «Тренерлердің кеңесі» электронды брошюрасы таратылды.
Өте ауқымды және нәтижелі жұмыс үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз!
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
