№9 "Зерде" мамандандырылған мектебінің 7 сыныбына қабылдау емтиханына онлайн тіркелу

19.05.2020

Ата – аналар назарына!

2020 – 2021 оқу жылына №9 «Зерде» мамандандырылған мектебіне 7 – сыныпқа оқушыларды қабылдау бойынша мәлімет

1. Қабылдау емтиханына құжаттарды(өтініштер) онлайн қабылдау  2020 жылдың 20 мамыр 9.00-ден 19 маусым сағат 17.00-ге дейін жалғасады.

2.     Конкурстық іріктеуге қатысу үшін келесі құжаттар электронды түрде қабылданады.  Тіркелу осы сілтемені толтырыңыз. Онда келесі сұрақтарға мұқият жауап беріңіз:

  • Оқушының аты-жөні(құжат бойынша);
  • Мектебі;
  • Байланыс телефоны;
  • Үміткердің ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш ( толтырып, сканерлеп жүктеңіз);
  • ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • 3х4 см сурет.

3. Емтихан 22 маусым күні өткізіледі

4. Биылғы жылы емтихан 1 күн ғана  өткізіледі. Математика пәні мен логика пәндерінен тапсырманы орындайды.

 Өтініш формасын жүктеу    Онлайн өтініш беру   
Қосымша ақпарат үшін:

телеграм канал: https://t.me/zerde_school

 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено