«Parasat -2020» зияткерлік көктемгі турнирі
05.05.2020 Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында міндетті жүзеге асыру мақсатында 20-сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы «Оқушылар сарайы» қала мектеп командалары арасында «Parasat -2020» атты қалалық интеллектуалды көктемгі турнирін қашықтықтан ұйымдастырды. Бұл қалалық сайыстың көктемгі турниріне №64 мектептің «Жас алаш» командасы белсене қатысты. Команда мүшелері Төлеубек Мөлдір 10 «М» сынып, Дархан Дариға 8 «Ә» сынып, Ерік Ақбөпе 9 «Г» сынып, Тілеуберді Самғат 9 «Д» сынып, Омарханова Альдина 9 «Г» сынып оқушылары болды. «Жас алаш» командасының мүшелері өздерінің білімділігін көрсете білді. Көктемгі турнир ерекше өтті. Біздің командамыз дайындықты да қашықтықтан жүргізіп отырды. 9 «Д» сынып Тілеуберді Самғат оқушысы «Үздік спикер» атағына ие болды. «Жас алаш» командасы дипломмен марапатталды
Команда жетекшісі тарих пәні мұғалімі Бекназарова Дина Омаровна.




Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
