«Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы»
16.04.2020Балаларға емтиханға дайындалуға қалай көмектесу қажет?
*Емтихан қарсаңында баланы көп мазаламаңыз-бұл емтихан қорытындысында теріс әсер етуі мүмкін.
*Ата-аналарының қобалжуы балаларға беріледі.
Ал егер ата-анасы жауапты кезеңдерде өз эмоцияларына ие бола алмаса,жас бала тіпті де қажып, сынуы мүмкін. Балаңызды сергітіп, олар орындаған әр жақсы істері үшін мақтау айтыңыз.
*Балаңыздың көңіл-күйі мен денсаулығын жиі тексеріп, қадағалап отырыңыз, баланың жан дүниесін сізден артық ешкім түсінбейді.
*Баланың қатты шаршап, қажуына жол бермеңіз.
*Баланың дайындық режимін қадағалап отырыңыз, бала дайындық арасында дем алып отыруы тиіс.
*Үйден баланың дайындалуына қолайлы орын беріңіз, үйдегілердің ешқайсысы бөгет болмауын қамтамасыз етіңіз.
*Баланың тамақтануына үлкен көңіл бөліңіз, баланың оймен қарқынды жұмыс істеу кезінде оған сіңімді, әрі әртүрлі витаминді тағамдар жеуі керек.
*Балаларыңызға дайындық тақырыптарын әр күнге бөлуге көмектесіңіз.
*Негізгі формула немесе анықтамаларды керуерттің басына, үстел қасына,асүйге іліп қоюға болады.
*Емтиханға дайындалу кезінде баланы алдын-ала уақытты бағдарлау мен оны үнемдей білуге үйретіңіз.
Сонда ғана бала қобалжымай, уақытты пайдалануда тәжірибесі мол болады.
*Емтихан қарсаңында бала жақсылап дем алып, ұйқысын қандыруы керек.
*Есіңізде болсын, ең бастысы-баланы қобалжу мен қорқудан арылтып,оның дайындалуына қолайлы жағдай жасау.
Ата-ана сіздердің түсініктеріңіз бен күнделікті мейірімділік, бақылау жасап қолдау көрсетулеріңіз – балаңыз үшін шексіз көмек болып табылады. Мейірім, кешірім және әрбір күнге қуану сіздерде де жүрсін, баламен бірге тыныстай алыңыздар.
Бәрі сіздердің балаға деген махаббаттарыңызда!
Педагог-психолог: Беркимбаева У.К.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
