ҚҰРМЕТТІ №82 "ДАРЫН" МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЛИЦЕЙ ОҚУШЫЛАРЫ МЕН АТА-АНАЛАРЫ!
23.03.20202020 жылдың 6 сәуірінен бастап мектебімізде, сондай-ақ, жалпы республикамыз бойынша білім беру жүйесінде қашықтан оқыту жүргізіледі. Қашықтан оқыту төмендегі платформалар арқылы жүзеге асады:
1. Kundelik.kz.
"Педагог-оқушы-ата-ана" коммуникациясын интерактивті дамытуға өте тиімді платформа. Мұнда мұғалімдер оқушыларға оқу материалдары мен тапсырмаларын ұсынып, кері байланыс(мұғ. түсініктемелері мен ұсыныстары, хабарландырулар, үй тапсырмасы, онлайн-тексеру) жүзеге асырылады.
Оқушы орындаған тапсырманы өзінің немесе отбасы мүшелерінің ұялы телефоны арқылы жібере алады.
2. Zoom web-конференциясы.
Бұл платформаның тиімділігі мұғалім мен оқушы бетпе-бет отырып онлайн жиындар(сынып сағаты, өзара ақпарат алмасу, түсіндірме жүргізу) және бейнесабақтар өткізуге ыңғайлы.
Бұл платформаны пайдалану үшін Zoom mettıng қосымшасын ұялы телефонға немесе компьютерге орнату қажет. Оқушыға жіберілген сілтеме арқылы платформаға кіру еш қиын емес.
3. Google Classroom платформасында оқу үшін пайдалы Google қызметтер біріктірілген. Бұл платформада әрбір сынып оқушылары тіркеліп, пән мұғалімдері онлайн оқу курстарын өткізеді.
Мұнда оқушылар қажетті оқу материалдарын бөлісе отырып, өзара бағалау жүргізуге, мұғалім ұсынған тапсырмаларды орындауға мүмкіндік жасалады. Мұғалім оқушы жұмысына кері байланыс беріп бағалайды және үлгерім деңгейін бақылайды.
4. WhatsApp топтық чаттары барлық сыныптарда бар. Сол чаттарға сыныптардың сабақ кестесі, уақыты, пән мұғалімі мен өтілетін сабақтардың сілтемелері жіберілетін болады. Сол сілтемелер арқылы Zoom, Google Classrom, Kundelik.kz. платформасындағы бейнесабаққа қатыса аласыздар.
WhatsApp топтық чаттарының тиімділігі-жіберіп алған бейнесабақтарды қайта көріп, тыңдауға және тапсырмаларын орындауға мүмкіндік бар.
5. ТВ-сабақтар.
Негізгі пәндер бойынша сабақтар еліміз үшін бірыңғай сағат 09.00-15.00 аралығында республикалық телеарналарда көрсетіледі. Қазақ тіліндегі сабақтар "Балапан", орыс тіліндегі сабақтар "Ел-Арна" телеарнасында 1-11-сыныптар ретімен көрсетілетін болады.
Қашықтан оқыту технологиясының негізгі ерекшелігі-оқушылардың өздігінен ізденуін ынталандыру, мұғалімдерге АКТ құзыреттілігін жетілдіруге мүмкіндік беру болып отыр.
Егер оқушы қандай да бір маңызды себептермен бейнесабақты немесе ТВ сабақтарын өткізіп алатын болса, одан кейін де қайталап көру мүмкіндігі бар.
Ең алдымен оқушының қашықтан білім алуына толықтай жағдай туғызу қажет. Онлайн сабақтарға қосылу, АКТ -ны меңгеруде қиындық болып жатса, бірлесе шешеміз деген сенімдеміз.
Мұғалімдерге сабақ дайындау, тапсырмаларды тексеру, кері байланыс беру көп уақытты қажет етеді. Ұстаздарымыз бұл үрдіске дайындық үстінде.
Құрметті біздің оқушыларымыз және ата-аналар!
Барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды сынып жетекшілеріңізбен бөлісе аласыздар және біз оларды бірге шешеміз!
Баршаңызға сәттілік, амандық тілейміз! Лицей әкімшілігі
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
