Наурыз мейрамы құтты болсын!
22.03.2020Наурыз мейрамы құтты болсын!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің,тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
Ұлыстың ұлы күні – Наурызда адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген.
Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз - Наурыз қажырлы еңбектеріңізге шығармашылық табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң жеке өмірлеріңізге шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
