«Өз құқығымызды білеміз бе?»
18.02.2020«Өз құқығымызды білеміз бе?»
18.02.20 Нұр – Сұлтан қаласындағы №84 мектеп – лицейінде жасөспірімдер арасындағы ұсақ бұзақылықтың алдын алу, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізіліп тұрады. Құзырлы заң орындарының өкілдері жасөспірімдер арасындағы ұсақ бұзақылықтың алдын алу, адалдыққа тәрбиелеу мақсаттарында дәріс сабақтарын өткізіп, оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Осындай мақсатта Еуразия Ұлттық Университетінің оқытушысы, полковник, прокурор Ләззат Ахметжанқызы Темиржанова жоғары сынып оқушыларына «Өз құқығымызды білеміз бе?» тақырыбында дәріс сабағын өткізді. Дәріс барысында жасөспірімдердің құқығы, қоғамдық жерлердегі тәртібі, сондай – ақ адал болуға, ұсақ қылмыстар жасамауға жол бермеу туралы мәселелер айтылды. Оқушылар өз кезегінде өздерін ойландырған сұрақтардың жауабын алды. Жасөспірімдер арасында өз құқықтарын білу мақсатындағы іс-шаралар алдағы уақыттарда да өз жалғасын таба бермек.Кездесуді ұйымдастырған «Адал ұрпақ» клубының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат секциясы. Іс – шараға 24 мұғалім, 559 оқушы қатысты.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено