«Менің эко-мектебім»жобасы аясында өткен «Эко-сабақ»
03.10.2019Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрайымы Әлия Назарбаева бұл бастаманы қолдап, мектебімізде 1-1 1 сыныптарында өткізілген эко-сағаттың қонағы болды.
Мектеп ауласына Әлия Назарбаевамен бірлесіп, 1 сынып оқушылары 11 сыныпта оқитын мектебіміздің түлектерімен және ата-аналары бірлесіп ағаш отырғызды.
Бүгінгі эко-сағат Дүниежүзілік тіршілік ету күніне арналған. Оқушылар мен жастарды коммуналдық-тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау қажеттілігі және ресурстарды: су, энергия және қоршаған ортаны құрметтеу, үнемдеу арқылы қоғамның экологиялық таза өлкеде өмір сүруге бейімдеуге шақырылды.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
