"Тау тұлға" жобасы аясында мектебімізде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кино және театр актері Әділ Ахметов қонақта болды.
15.02.20202020 жылдың ақпан айының 14-і күні біздің мектеп қабырғамызда жаңа оқу жылынан бастау алған «Тау тұлға» жобасы аясында бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кино және театр актері, тележүргізуші Әділ Ахметов қонақта болды. Сегіз қырлы, бір сырлы Әділ ағамызбен сұхбаттасу барысында оқушыларымыз көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алумен қатар, ұлттық рух пен жігерді бойларына сіңіріп, осындай тағылымы мол кештер жалғасын тапса екен деген ұсыныспен тарқасты.


Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
