"Сүйіспеншілік- өмір негізі" атты тәрбие сағаттар өтті
12.02.2020Жүрекке жол тапқан мейірімді ана-Сара Алпысқызының туған күніне орай бүгін мектепте жаппай "Сүйіспеншілік- өмір негізі" атты тәрбие сағаттар өтті. Сүйіспеншілік сөзінің мағынасын ашып, жалпыадамзаттық құндылықтар күні болды. Ризашылық жәшігіне оқушылар мен мұғалімдер бір-біріне өз хаттарын жолдап, алғыстарын білдірді. Тәрбие сағаттарында топтық жұмыстар ұйымдастырылып, топтық әндер шырқалды. Өмірдің негізі сүйіспеншіліктен тұратынына сенімді болайық! Біріміз-бірімізге деген риясыз сүйіспеншілікпен сыйластықта болайық!



Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено