«Біздің қаланың көшелері»

29.10.2019





24 қазан күні Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан      «Біздің қаланың көшелері» атты қалалық жобаның ашылуы болды. Ашылу салтанатында №14 мектеп-гимназия, №16 орта мектебі және №27 мектеп-лицейі қатысты.  Іс-шараға « Рухани  жаңғыру»  жобалық кеңсесінің директоры Нурпеисов Үкібай Абдуманапұлы және №16 орта мектеп директоры Айтмухаметова Балжан Кайыртайқызы қатысты.  Оқушылар музыкалық нөмірлермен сүйемелденген  өз жобаларын таныстырды.    

« Рухани  жаңғыру»  жобалық кеңсесінің директоры өз сөзінде мектептерді алдағы уақытта бірігіп жұмыс  істеп, ұмыт болып бара жатқан есімдерді жаңғыртуға ат салысуға  және әр оқушы, ата-аналарға осы жобаға қатысып, қала тарихында өз қолтаңбасын қалдыруға шақырды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено