5 – 6 сыныптар арасында өткізілген «Күз ханзадасы мен күз ханшайымы» мерекелік іс – шарасының анықтамасы
22.10.20192019 – 2020 оқу жылы қазан айының 22 – сі күні «Күзгі бал – 2019» мерекелік іс – шарасы болып өтті. Іс – шараның мақсаты: оқушылардың бойында шығармашылық қабілеттерін арттыру, достық қарым – қатынастарын дамыту, өнерлерін шыңдау. Іс – шараға 5 – 6 сынып оқушылары қатысты.
Конкурс 4 кезеңнен:
- Өзін – өзі таныстыру (қыз бен жігіт бірге)
- Музыкалық номер (ән, би, өлең)
- Сән көрсету (музыкамен)
- Көрме (күзгі дақылдардан, қолөнер бұйымдары)
Сайысқа төмендегі оқушылар қатысты:
- 5 «А» сыныбының оқушылары Қожамқұл Абдурахман және Жиенбаева Айна
- 5 «Ә» сыныбының оқушылары Байкембай Арсен және Аманқос Сельви
- Ученики 5 «Б» класса Вольский Илья и Ахметшина Карина
- Ученики 5 «В» класса Коваленко Олег и Бронникова Алена
- Ученики 5 «Г» класса Глывен Артем и Белова Екатерина
- 6 «А» сынып оқушылары Бериков Ерсін және Тлегенова Дильназ
- 6 «Ә» сыныбының оқушылары Смағұл Ертуған және Рахимжанова Жансая
- Ученики 6 «Б» класса Абдулин ТИмур и Алапаева Азман
- Ученики 6 «В» класса Богочев Глеб и Соколенко Снежана
- Ученики 6 «Г» класса Андрющенко Данил и Прокудина Виктория
Қазылар алқасының құрамында:
1.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Момынов Мақсат Үмбетханұлы
- Кәсіподақ ұйымының төрағасы Шакуова Сауле Бактыбаевна
3.Мектеп президенті 10 «Б» сынып оқушысы Тетерина Дарья
- Кәсіподақ ұйымының төрайымы Шакуова Сауле Бактыбаевна
Сайыс өте тартысты, қызықты өтті. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Сайыстың қорытындысы бойынша ГРАН – ПРИ «Күз ханшайымы» және «Күз ханзадасы» номинациясын 6 «В» сынып оқушылары Богочев Глеб, Соколенко Снежана жеңіп алды. І орын 5 «А» сыныбының оқушылары Байкембай Арсен, Аманқос Сельви, ІІ орын 5 «Г» сыныбының оқушылары Глывен Артем,Белова Екатерина және 6 «Ә» сынып оқушылары Смағұл Ертуған, Рахимжанова Жансая, ІІІ орын 5 «В» сынып оқушылары Коваленко Олег, Бронникова Алена, 6 «Б» сынып оқушылары Алапаева Азман, Абдулин Тимур және 6 «Г» сынып оқушылары Андрющенко Данил, Прокудина Виктория. «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша 6 «А» сынып оқушылары Бериков Ерсін, Тлегенова Дильназ жұптары марапатталды. Сайысқа қатысқан оқушыларға мерекелік сыйлықтар табыс етілді және грамота, мақтау қағаздарымен марапатталды. 






Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
