2 қазан күні №3 мектеп - гимназиясында халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтті.

04.10.2019

2 қазан күні №3 мектеп - гимназиясында халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік концертке «Мақсат» пәтер иелері кооперативінің ардагерлері мен зейнеткерлері қатысты.  Ардагерлер арасында Денсаулықты сақтау министрлігінің еңбегі сіңген қайраткері, медицина ғылымдарының кандидаты Репликова Ирина Иванова, облыстық мәслихаттардың депутаты, қоғам қайраткері Молчанов Вадим Федорович сынды елге еңбегі сіңген елеулі азаматтар да болды.  Мерекелік концерттен керемет әсер алған  қариялар алғыс ретінде сиясы кеппеген төл туындыларын оқып, ат салысқан барша шәкірттер мен ұстаздар қауымына алғысын жаудырды.













Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено