«ЭКО-сағат – Қазірден баста!»

03.10.2019











№27 мектеп-лицейде Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күніне арналған іс-шаралар өтті. Мақсаты – өскелең ұрпақты табиғи ресурстарды көздің қарашығындай сақтауға үйрету, барша адамзатты Жер планетасындағы тіршілік ету көздерін қорғауға шақыру. Экосағат барысында келесі іс-шаралар өткізілді:

- Экосағаттың салтанатты ашылу рәсімі;

- «ЭКО-сағат – Қазірден баста!»  ұранымен  бірыңғай сынып сағаты;

-ағаштар отырғызу;

-мектеп ауласына тазалық жұмыстарын жасау;

-суреттер және эссе байқауы;

Салтанатты іс-шара барысында мектептің Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымының «Экоәлем» бағытының көшбасшысы, 9 «А» сынып оқушысы Төкен Нұрислам құттықтау сөз сөйледі. Мектепте бекітілген жоспар бойынша аталмыш іс-шаралар тоқсан сайын өтіп тұратын болады.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено