22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі күні.
23.09.201922 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі күні. Осы мемлекеттік маңызы үлкен мерекеге орай Нұр-Сұлтан қаласы №71 мектеп-лицейінде 19 қыркүйек 2019 жылы өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл шебері - 2019» сайысы өткізілді. Сайысқа 8-11 сынып оқушылары қатысты. Айтулы іс-шараға № 62 мектеп-лицейінің 9 «Г» сынып оқушысы Рудницкая Ева қатысты. Сайыс үш бағытта өткізілді. Бірінші тур тапсырмасы «Өзін таныстыру», екінші тур тапсырмасы «Тілші», үшінші тур тапсырмасы «Әнші бұлбұл» сайысы.


Ева үш турда да өз тіл білімі мен музыкалық қабілетін батыл алға тартып, жеңімпаз бола алды. Жеңімпазға алдағы уақытта да сәттілік пен жеңістер тілейміз!


Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
