"Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты Білім күніне арналған салтанатты жиын
01.09.2019Бүгін, 1 қыркүйек- Білім күнінде № 58 мектеп-гимназия ұжымы алғаш қадам басқан бүлдіршіндер мен мектеп бітіруші түлектерге есігін айқара ашты. "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты Білім күніне арналған салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөздерін мектеп-гимназия директоры Нугуманова Самал Ботахановна және ата - ана Оразметов Дастан алып, бүлдіршіндердің алғашқы қадамына, бітіруші түлектердің алдағы сынақтарына сәттілік тілеп, ата-аналар мен ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Жиында мектеп өнерпаздары мерекелік шашу ұсынды. Салтанатты жиында мектебіміздің 13 инновациясының жетістіктерімен, жеңімпаздары аталып өтіліп, жиналған ата-аналармен қонақтарға таныстырылды.








Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
