9 сынып түлектеріне аттестат тапсыру рәсімі

13.06.2019

2019 жылдың 13 маусым күні   № 48 мектеп лицейде 9-сынып оқушыларына негізгі орта білім туралы аттестат беру салтанатты жиыны өтті. Жиынға мектеп бітіруші 9-сыныптар түлектері, ата-аналар, ұстаздар қатысты. Алғаш сөз алған мектеп директоры Зауре Жақанқызы түлектерге сәттілік тілеп, ақ тілегін айтып, салтанатты түрде аттестат тапсырды.           

      Алдағы өмірлеріне сәттілік, ал өздерінің білімдерін колледждерде жалғастыратын түлектерге сәт сапар тілейміз.

Сонымен бірге мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары мектеп-басышылығы мен ұстаздарға ризашылығын білдіріп, түлектерге ақтілегін жолдады.

Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз  

Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз ізгі тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын!
Сапарларыңыз оң болсын! – демекші түлектерімізге ақ жол тілейміз.

 











Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено