«Балапан» жазғы демалыс лагері

30.05.2019

Мамыр, маусым айлары табиғаттың жайма шуақ берекелі кезеңі. Айналаның бәрі жасыл желек жамылып ерекше бір реңге енді. Осындай сәтте мектеп жанынан құрылған «Балапан» жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өте жоғары деңгейде өтті. Салтанатты жиында әр топ өз ұранын, әнін, санамаған жақсы айтты. Топ басшылары, топ мүшелері орындаған лагерь әнұраны да әсерлі шықты. Топ тәрбиешілері әзірлеген мультфильм кейіпкерлері де ерекше көңіл-күй сыйлады. Лагерь басшысы Темиркулова Сандугаш Кайнарбековна  жауапты әрі  іскер ұйымдастыруымен өткен салтанатты жиын өз мақсатына жетті. Балалардың көңіл-күйі жақсы болды, балалар кез келген ойынға қызығушылықпен қарап, белсене араласып ойнады. Топжарыс ойындары өте жоғары деңгейде өткізіліп, алғыс білдірілді. Салтанатты жиынның соңына таман балалар өздері білетін өлеңдер, тақпақтар, билерін көрсетті. Осындай сәтті игілікті іс-шаралар өз жалғасын таба береді.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено