Дүниежүзілік қауіпсіз тамақ өнімдерінің күні

07.06.2019

2019 жылғы 7 маусымда біздің балабақшада Дүниежүзілік қауіпсіз тамақ өнімдерінің күні шеңберінде мерекелік іс-шаралар өткізілді. Балаларға ертегі кейіпкерлері Витаминка мен Клёпа келді, ойын түрінде дәрумендер мен көкөністер мен жемістердің пайдасы туралы әңгіме айтып берді. Балаларға арналған көңілді және қызықты ойын бағдарламалары өтті, балалар суреттерінің көрмесі ресімделді. Көңілді викториналарда мектепке дейінгі жас шамасындағы балалар өздерінің тамақ өнімдері туралы, олардың пайдалы қасиеттері және кейбір тамақтардың зияны туралы білімдерін көрсетті. Ата-аналар саламатты өмір салты туралы, дұрыс тамақтану туралы қабырға газеттерін шығарып мерекелік іс-шараға белсене қатысты, балабақшадағы тамақтандыруды ұйымдастырылуы бойынша ата-аналардың арасында сауалнама жүргізілді, сауалнама жүргізілгендердің 98% тамақтандырудың ұйымдастырылуына өздерінің қанағаттанарлық екенін білдірді және күн сайын ас мәзірімен танысып отыруға мүмкіндік жасалғанын атап өтті.
  
  



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено