"Мәңгілік үнің кетпестей сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны болып өтті
25.05.20192019 жылдың 25 мамырында мектебімізде жылдағы дәстүр бойынша қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан -сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мерекесі соңғы қоңырау салтанаты болып өтті. Биыл түлеп ұшқалы тұрған жас түлектердің саны-27. Арнайы келген қонақ "Жас сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, аға лейтенат Меңдіғалиев Мейірбек Оразұлы, ата-аналар комитетінің төрағасы Маханов Бақытжан Есбаевич сөз сөйледі. Салтанатты шара соңында метеп-гимназия директоры Жеңіскүл Темірханқызы мектеп өміріне белсене араласқан оқушылар мен ата-аналарға алғыс білдіріп, арнайы мақтау қағаздарын табыстады
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
