"Ардагерге арнау" Оқушы шығармашылығы
17.05.2019№55 орта мектептің 8 сынып оқушысы Өркенқызы Аяулымның "Ардагерге арнау" атты өлең шумағы Ұлы Отан соғысы ардагері 94 жастағы Сейсебаев Жақан атамызға арналады.
07.05.2019
Қанды шайқас қайыстырды қабырғасын халықтың,
Қайран халқым, сұм соғыстан әбден - дағы жалықтың.
"Отан үшін отқа түсем!"- деген батыр балаңды,
Қайран ана, күте - күте қапа болдың, зарықтың.
Қара халық аспанына үйіріліп қара бұлт,
Қорқынышпен жүректегі қара аспанға қарадық.
Оқ борады қара аспаннан қаңтардағы қардай боп,
Ұлтымызды төңкеретін дауылға оны санадық .
Өз жастығын болашаққа қиған жандар қаншама,
Сондықтан сен бейбіт елден басқа нәрсе аңсама.
Жүрек мұздап, көңіл түсіп, дала гүлі солса да
Қиындықтар қанша болса, бақыт - шаттық соншама!
Сұм жылдардың сұмдығына мойынсұнбай, егескен,
Асылдарды ешқашан да шығармайық тек естен.
Сол жандардың арқасында елдік туы желбіреп,
Қазір міне, тереземіз өзге елдермен теңескен!
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
