МЕН ТУРИЗМНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРІМІН
03.05.20192019 жылы 2-3 мамыр аралығында "Туризм менеджменті және қонақ үй бизнесі" кластер шеңберінде 0511000 "Туризм" мамандығы бойынша, "МЕН ТУРИЗМНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРІМІН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ Нұр-Сұлтан қаласының Политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен 2-3 мамыр аралығында өтті.
Республикалық байқаудың мақсаты кәсіби құзыреттілікті бекіту және студенттердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру.
Жарыстың қатысушылары:
1) "Мангистауский колледж туризма"
2) Д.А Кунаев атындағы колледжі
3) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Көпбейінді колледжі" МКҚК
4) "Политехникалық колледжі"
Республикалық байқаудың қазылар алқасы қаланың туризм саласындағы жетекші кәсіпорындарының өкілдері:
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Балалар-жасөспірім туризмі және өлкетану орталығы" МКҚК
- "Вертикаль" ЖК
- Арқан паркі "Гамми" ЖШС
- "Меруерт Саяхаты" ЖШС
- "Жербекет" ЖШС
- "Meridian Travel & Tourism" туристік агенттігі
- "Арман Тур" халықаралық туристік агенттігі
- "Центр Тур" ЖШС
- "Good Travel " туристік агенттігі
- "Level Travel Up" шет тілі және туризм агентігі.
Маңғыстау облысынан келген команда "362" Бас жүлдеге ие болды (Гранпри), Политехникалық колледжінің "Байтерек" командасы 1ші орын, "Көпбейінді колледжнің" "Динамит" тобы 2ші орын, Қонаев атындағы колледж командасы "Қыран" 3ші орынға ие болды.Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено