«Жаратылыстану-математикалық ғылыми бағыттағы пәндерді оқытуда CLIL әдісін қолдану»
09.04.20192019 жылдың 9 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы № 52 мектеп-гимназияда «CLIL» әдісін сабақта қолдану қалай жүзеге асырылып жатқанын көрсету мақсатында «Жаратылыстану-математикалық ғылыми бағыттағы пәндерді оқытуда CLIL әдісін қолдану» тақырыбындағы қалалық практикалық семинар өтті. Семинарға Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Нуртаева Қ.Ө.и, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Ustaz» кәсіби дамыту орталығы және қала мектептерінен 70 мұғалім қатысты.
Бүгінгі таңда үш тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оны жүзеге асыру – ұстаздардың міндеті. Сондықтан да заманауи ұстаздарға үздіксіз ізденіс қажет.
Семинардың бірінші бөлімінде жоғары сынып оқушыларынан құрылған «Болашақ» тобы ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғаса, екінші бөлімінде «Ынтымақ» қоғамдастығы бойынша №38 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Рахлетова Ш.Т. және №52 мектеп-гимназияның биология пәні мұғалімдері Ахметова Қ.А. Қайыркен Ф.Қ., физика пінінің мұғалімі Қыдыралина Ж.Т., информатика пәндерінің мұғалімдері Алтан Қ. БертаевС., бастауыш сынып мұғалімдері Шалгымбаева С.Т., Алшынбаева Р.Б., Ташимова А Т. ағылшын тілі пәні мұғалімдері Камзанова А.Ш., Елібаева С. М. .С. іс- тәжірибелерімен бөлісті. Соңғы бөлімінде келген қатысушылармен тренинг ұйымдастырылып, бүгінгі семинардан бойынша ұсыныс-тілектерін білу мақсатында «Padlet» бағдарламасы арқылы кері байланыс орнатылды. Іс-шараға атсалысқан барша ұстаздарға алғыс білдіреміз!
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
