Қызықты көктемгі демалыс
26.03.2019Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары көктемгі демалыста MEGA Silk Way сауда және ойын-сауық орталығына барды. MEGA Silk Way орталығы сауық-сайран мен қуаныш әлеміне саяхат жасайтын орын деп айтуға болады. Оқушылар балалар алаңы мен аттракциондарда армансыз ойнады. Ұл-қыздардың демалысын дұрыс ұйымдастыра білген, қызығушылықтарын арттырып, шығармашылықтарын дамытқан мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілерге ата-аналар алғысын жаудырып, ризашылықтарын білдірді. Ойын сауық орталығында тыныққан балалардың көңіл күйлері өте жоғары деңгейде болды. Демалыс бойы саяхат кезінде көрген қызықтарын бір-бірлерімен бөлісіп, айтып жүретіндері сөзсіз. Әр үйдін көз қуанышы болып жүрген балалар аман болсын демекпіз...



Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
