Ақиық ақын М.Мақатаевтың "Есіңе мені алғайсың" атты жыр кеші
15.02.201915 ақпан күні мектебімізде ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай "Есіңе мені алғайсың" атты жыр кеші болып өтті. Мақсаты: Ғасырлар тоғысында М. Мақатаевтың ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.Оқушыларды поэзияны сүюге, ақын жырларын, әндерін айта отырып, өз елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Бұл кештің мақсаты, оқушыларға ақынның шығармашылығымен таныстыра отырып, поэзияны жан тәнімен сүйе білуге бағытталған әдеби және музыкалық кеш өте әсерлі, тартымды өтті. Жас оқырмандар мен ақындардың және қабілетті оқушылардың шығармашылығын дамыта түсті. Елбасымыздың алға қойған басты мәселелердің бірі, жастарымыз, өз ана тілін жетік меңгерген, тілі бай, сөздік қоры мол болуға тиіс екенін атап өткен еді. Міне, сол мақсатта мемлекеттік тілімізді дамытуға, оқу-шылардың сөздік қорын байытуға арналған бұл кеш жыл сайын мектебімізде атап өтілуде. Мұқағали әндерін ұстаздар оқушылармен бірге айта білді.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
