Тәуелсіздік мерекесі аясында қала мектептерінің қыздары арасында өткізілген волейболдан турнир

26.12.2018

22 желтоқсан күні  салауатты өмір – салтын насихаттау, жасөспірімдер арасында волейбол ойынына қызығушылықтарын ояту, дене тәрбиесі мұғалімдерімен тәжірибе алмасу, спорттық – бұқаралық жұмыстарды жандандыру мақсатында мектебімізде №52, №53, №54 , №48, №66, №83 мектеп командалары арасында волейболдан жарыс өткізілді. Шарт бойынша жарыс халықаралық волейбол ережелері бойынша өткізілді, команда құрамында 10 адам және командалар спорттық киімде болды. Жарыстың шарттарын  барлығы орындаған.  Намысты додада жеңімпаз команда анықталып, №48 мектеп-лицей командасы кубок, медаль және мақтау қағаздарымен марапатталады. Ұйымдастырушылар жақсы ойын көрсеткен оқушыларды жеке - жеке мақтау қағаздарымен марапаттады. Жарысты ұйымдастырған  дене шынықтыру мұғалімдеріне алғыс білдіреміз. Осындай игі істер жалғасын таба берері сөзсіз.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено