Елорда мектептерінде қамқоршылық кеңестердің жұмысы қарқынды дамиды
15.05.2018Астана қаласы № 54 мектеп-лицейінде қала әкімі Әсет Исекешевтің қатысуымен қамқоршылық кеңестің алғашқы отырысы өтті.
"Қазіргі күнде осы мектеп-лицейде қамқоршылық кеңестің моделі жасалып жатыр, болашақта қаламыздың барлық мектептеріне енгізу жоспарлануда. Ол үшін мен жұмыс процесін терең түсініп, жүйелі шешімдер қабылдау үшін өзге де мектептердегі қамқоршылық кеңес отырыстарының жиынына қатысамын", - деді әкім.
Қамқоршылық кеңес құрамына танымал қоғам қайраткерлері мен ата-аналар кіреді. Қамқоршылық кеңестің тиімді жұмыс істеу моделі таңдалып, болашақта Астана қаласының барлық мектептеріне таратылатын болады.
Қамқоршылық кеңестін төрағасы болып қоғам қайраткері Мұрат Әбенов сайланды. Сондай-ақ, елорда мектептерінің жағдайын жақсарту идеясын саясаттанушы Саясат Нұрбек, Назарбаев Университеті, Зияткерлік мектептердің өкілдері, РФМШ, БИЛ өкілдері және қаламыздың кәсіпкерлері қолдады. Қамқоршылық кеңес құрамына ата-аналар да кіре алады.
Кездесуге қатысушылар жаңа органның өзектілігін түсіндірді: биыл астаналық мектептерді жан басына қаржыландыру жоспарланған. Бұл өз кезегінде оқу орындарының материалдық дербестік жағдайын жасауға мүмкіндік береді. Бұл қоғамдық қадағалау қаражаттың тиімді игеруін қамтамасыз ететін болады.
Кездесудің қорытынды бөлімінде қамқоршылық кеңестің негізгі міндеттері мен мүмкіндіктері айқындалып, оларды жүзеге асыру жолдары қарастырылды.
"Біз елордалық мектептерге қалай, қай жағынан көмек беретінімізді анықтап алуымыз керек. Басты мақсат балалардың оқу қабілетін жақсартып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Біз бұл мәселеде оларға қалай көмектесуіміз мүмкін, соны анық білгеніміз жөн", - деді қала əкімі Әсет Исекешев.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
