«Өз ісінің шебері!»кәсіби шеберлік сайысы

12.05.2018

       2018 жылы 12 мамырында «Аспаз ісі», «Гид-экскурсия жетекшісі», «Жеңіл автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттіліктері бойынша, өндірістік оқыту шеберлерінің арасында WorldSkills стандарттары бойынша «Өз ісінің шебері!» кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.

       Байқаудың мақсаты: колледждің өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру, практикалық оқытуда заманауи ақпараттық технологияларды қолдану, озық кәсіби тәжірибені тарату.

      Байқау барысында әділ қазылар алқасының мүшелері ретінде институционалдық серіктестер қатысты:«Ас-Ай кран сервис»ЖШС кәсіпорын директоры - Эрман Владимир Григорьевич, «Румакс» ЖК директоры - Кирик Наталья Борисовна, Brand ambassador «Project Partners Group MICE»- Алия Хайруллаевна Ахмалишева.

       Байқауға 10 өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Қазылар алқасының шешімімен, байқау қорытындысы бойынша, 1 дәрежелі дипломмен марапатталды: «Аспазісі» құзыреті бойынша өндірістік оқыту шебері Хижинская Антонина Александровна, «Жеңіл автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету» құзыреті бойынша өндірістік оқыту шебері Жұмажанов Теміртас Даулетбаевич, «Гид-экскурсия жүргізушісі» құзыреті бойынша өндірістік оқытушебері Узбайрова Айгерим Турымжановна.

     2 дәрежел ідипломмен марапатталғандар: «Аспазісі» құзыреті бойынша өндірістік оқыту шебері Кощегулова Мадина Баранбаевна, «Жеңіл автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету» құзыреті бойынша өндірістік оқыту шебері Кешубай Жанбота, «Гид-экскурсия жүргізушісі» құзыреті бойынша өндірістік оқыту шебері Жұмабаева Гүлзат Тлендиевна.

      3 дәрежелі дипломмен марапатталғандар: «Аспаз ісі» құзыреті бойынша өндірістік оқыту шебері Есім Алима Насыгалиевна, «Гид-экскурсия жүргізушісі» құзыреті бойынша өндірістік оқыту шебері Отарбаева Бағлан Курмангалиевна.

Қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды: «Аспаз ісі» құзыреті бойынша өндірістік оқыту шебері Оразалина Балнұр Мұратқызы, «Гид-экскурсия жүргізушісі» құзыреті бойынша өндірістік оқыту шебері Мұрат Саурықов Сейтказинович




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено