Жеңіс күніне, Отан қорғаушылар күніне, Астананың 20 жылдығына орай сапқа тұру мен ән айту байқауы
04.05.20184 мамыр күні гимназияда Жеңіс күніне, Отан қорғаушылар күніне, Астананың 20 жылдығына орай сапқа тұру мен ән айту байқауы өтті. Іс-шара басында әскери жылдардың өлеңдері, соғыс туралы бард өлеңдері тыңдалды.
Жүргізуші іс-шара басында тамаша өлең жолдарымен бастады.
Бір минут үнсіздік пен гимназия директорының құттықтау сөзінен кейін, балалар өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шараны әділ-қазылар бағалады: директордың ТІ жөніндегі орынбасары, мектеп инспекторы, әлеуметтік педагог, дене шынықтыру мұғалімдері. Сынып рапортын АӘД мұғалімі қабылдады.
Өнерді бесбаллдық жүйе бойынша бағалады, бағалау критерийлері:
- Сыртқы түрі (эмблема, бас киімдер, бірыңғай форма)
- Сапқа тұру
- Командирдің рапортты тапсыруы
- Әнді орындауы
- Сапты ұстай білуі
Іс-шараға барлығы 16 сынып қатысты. Барлық сыныптар марапатталды, ал І орынға ие болған сыныптарды гимназия директоры тәтті сыйлықпен марапаттады.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
