04.05.18ж. Мектеп директоры С.Нугуманова 2017-2018 оқу жылында білім беру саласындағы өзгерістерді табысты жүзеге асыруда мектептің негізгі жұмыстары туралы ата-аналар қауымы алдында есеп берді.
04.05.2018Есеп барысында мектеп директоры С.Нугуманова мектеп миссиясының орындау барысында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды: оқу –әдістемелік жұмыстардың бүгінгі күн талабына сай өзгерістері, жаңа формат Кластер жұмысында жетекшілік ету, LESSON STUDY сабақтарының бір жүйеге қойылғандығы, жаңартылған білім мазмұны бойынша ұстаздардың 58 пайызы білім мазмұнын жаңарту курстарынан өтуі, мектептің толықтай электронды журналға көшірілуі, бәсекеге қабілетті ортада шығармашыл ойларды іске асыратын және дамыта алатын жаңа буын өкілдерін қалыптастыру мақсатында бірнеше жаңашыл жобалар «Гидропоника», «Аэропоника», «Робототехника», «Ракета модельдеу», «Оқырман ортасы» жобасының жұмысы туралы айтып өтті.
Тәжірибесі мол, ардагер ұстаздардан Ардагерлер кеңесінің құрылып, мектеп дамуына себін тигізер Қамқоршылар кеңесінің жұмысы туралы да сөз өтті.
Ата-аналар назарына мектептің тарихы мен жеткен жетістігі жайында дайындалған бейнефильмін ұсынылды.
Ата-аналар қауымы мұғалімдердің жұмысының тиімділігі көп жағдайда мектептің бірінші тұлғасына байланысты болатындығын айта келе, мектептің басқарушылық саясатына оңтайлы өзгерістер енгізілгенін айтты. Ата-аналарға кері байланыс парақшасы таратылды. Ата-аналар мектеп директоры С.Нугумановаға және мектеп әкімшілігінің жұмысына оң бағасын беріп, алғыстарын білдірді.




Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
