Оқушылар әскери-тарихи мұражайға саяхатқа барды.
04.05.2018
№80 МГ кітапхана және тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 3 «А» сынып оқушылары ҚР Қорғаныс министрлігінің Қарулы Күштері Ұлттық әскери патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайына саяхатқа барды.
Мақсаты: оқушылардың бойында бірлік, достық, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, еліміздің бірлігін нығайтуға үлес қосатын өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда оларды ғылыми тұрғыдан зерттеп, оның нәтижелерін насихаттау негізде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында ұйымдастырылған мұражайға саяхат барысында оқушылар құнды мәліметтер алып қайтты.



Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
