«GLOBAL TURAN» ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ

04.05.2018

           2018 жылдың 03 мамырында «Ramada Plaza Astana Hotel» қонақ үйінде «GLOBAL TURAN» ІІ Халықаралық форумы өтті. Бұл іс-шара «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында кәсіптік білім беру ұйымдары мен бизнес құрылым өкілдерінің және мүдделі өкілдердің арасында пікір алмасуға арналған сұхбат алаңы болды.
Форум аясында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20-жылдығына арналған компьютерлік графика, анимациялау және web-бағдарламалау бойынша «Ақпараттық технологиялар әлемінде» V Халықаралық байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау Астана қаласының мектептері оқушыларының және Лондон қаласының City of Westminster College және Астана қаласының «Тұран» колледжі студенттерінің арасында өткізілді.
Мерейтойлық байқауға қаланың 26 мектебінің және Лондон мен Астанадағы 2 колледждің 151 оқушылары мен студенттері қатысты.  Біздің мектебіміздің 11 сынып оқушылары «Графикалық дизайн» бойынша  Мархабат Бейбарыс жүлделі І орынды, жетекшісі Мәулітбекқызы Аяулым және Қайратов Байдәулет жүлделі ІІ орынды, жетекшісі Абдрашева Анара, иеленді

  

  




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено