Жас құтқарушылар

05.05.2018

2018 жылдың 3 сәуірінде Астана қаласы №5 өрт сөндіру бөлімінде, Есіл ауданы мектептері арасында Жас құтқарушыларжасақтары арасында  байқауы өткізілді. Бұл байқауға мектебіміздің 8- 10 сынып оқушылары қатысты. Жарыста өткізілген сайыстар:

 

  • Жауынгерлік өрістету; 2) эстафеталық ойындар; 3) штурумдық сатымен көтеру; 4) музыкалық өнер.

 

Жас құтқарушылар жасақтары командасының аты – «Арлан», команда  капитаны - Акмолдоев Аяз,ал команда мүшелері  Дүйсехан Саят; Сұлтан Аружан;Бейсов Барлық;Алиханов Нұрасыл; Сапарғали Назгул; Тогузбаева Арайлым; Исабек Нурила; Алтаева Мадина;

 

Жас құтқарушылар жасақтары арасында аудандық жарыста ІІ орынға ие болып, қалалық жарысқа жолдама алды. Байқауда берілген сайыстар бойынша оқушыларымыз жауынгерлік өрістету – сайысында  І орын; музыкалық өнер бойынша – ІІІ орын;  эстафеталық ойындар сайысында – ІІІ орын; штурумдық сатымен 2 қабатқа көтерілуден – ІІ орынға ие болды. Байқау соңында Астана қаласы ТЖД «Есіл» ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі – Е.А.Байыров жарыстық сайыстар бойынша дипломдармен және де,  ІІ орын иеленгені үшін мадақтамамен марапатталды.






Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено