«Бір ел – бір кітап» акциясы өтті
25.04.2018Елімізде республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай – ақ, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелікке тәрбиелеу. Он жылдан астам тарихы бар акцияның әр жылында «Жыл кітабына» бір шығармадан ұсынылып отырады. Ал, 2018 жылы осы акция аясында бір халық боп оқуға үш бірдей шығарма таңдалып алынды. Олар: Ш. Құдайбердіұлының шығармалары, Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесті және Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» атты кітабы. № 80 МГ кітапханасында елімізде дәстүрлі түрде жалғасып өтіп жатқан республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында мектеп оқушыларымен бірге ақпараттық сағат, іс-шаралар өткізілді. Осы шығармаларды қалың оқырманға насихаттау мақсатында оқырмандарға қызмет көрсету кітапхананың меңгерушісі С. Муханова толық мәлімет берді. Іс – шара барысында жазушылардың өмірбаянынан қысқаша бейнефильмдер көрсетілді. Оқушылар алған әсерлерін ортаға салып ой бөлісті. Қызығушылық танытып, көкейлерінде туындаған сұрақтарын қойды. Тақырып бойынша қойылған сұрақтарға тиянақты жауаптар беріп, өз белсенділіктерін көрсете білді. 25.04. 18 ж. «Үш кітап – үш тағдыр»: әдеби кеш ұйымдастырылды. 3 «в» сыныбының оқушылары қатысты. «Үш кітап – үш тағдыр»: әдеби кешінің көріністері.



Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено