Біз таза елорданы қолдаймыз
25.04.201821.04.2018ж. «Астана – таза әрі қауіпсіз қала» акциясы барысында «Біз таза елорданы қолдаймыз» ұранымен жалпықалалық сенбілікке мұғалімдер мен 1-11 сынып оқушылары белсенділікпен қатысып, қала тазалығын сақтауға және экологиялық мәдениеттің қалыптасуына өз үлестерін қосты. Бастауыш сынып оқушылары сыныптарды жуып тазаласа, 6-11 сынып оқушылары мектеп ауласын қоқыс пен қураған шөп-шаламнан тазартып, сыпырып жинастырды.
Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігі күрек, тырма, қоқыс салатын қапшық сияқты құралдармен қамтамасыз етті. Мектеп ауласын көркемдету бойынша жұмыстар 22мамырға дейін жалғасын табады.


Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено