Кітаптар мерекесі
13.04.20189-13 сәуірі аралығындаХалықаралық балалар кітап күні мен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай «Кітапхана, кітап және мен» тақырыбы аясында мектеп кітапханасында Кітаптар мерекесі өткізілді.
Кітап мерекесі барысында талапты, талантты балалардың шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайыстарға 2-7 сынып оқушылары қатысты. Сайыс үш түрден тұрды:
- 2-4 сынып арасында «Ертегілер әлемінде» жас суретшілер сайысы.
- 5-6 сынып арасында «Сүйікті өлең жолдары» мәнерлеп оқу сайысы.
- 6-7 сынып арасында «Жарнамалық бейнероликтар» байқауы .
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
