Қала мектептерінің арасында көркемөнерпаздар сайысы өтті.

31.03.2018

Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қала мектептерінің арасында көркемөнерпаздар сайысы өтті.

Г.С. Жарменова басшылық ететін 80 мектеп-гимназия ұжымы жоғары дәрежеде өз үлесін қосты.

31.03.18 күні конкурсымыз  №81 мектепте басталды. Біздің ұжым Астананың 20-жылдық  мерейтойына сөзі мен әні Б.Бейсеновтың  “Астана ” әнін хормен орындады.  Вокальдық топ “Арыс жағасында ” әнін орындады. Фольклорлық ансамбль А.Затаевичтың “Казахский марш”  орындады.

   География пәнінің мұғалімі Мейрамгул Темирсерикқызының “Тарбағатай ” әні көрермендер мен қазылар алқасына ұнап, мақтау қағазымен марапатталды.

   Көркем сөз оқып Ж.Көбейде мақтау қағазымен марапатталды.

   Ұжымның бишілер тобы “ Халықтар достығы ” биін билеп, әртүрлі ұлттардың көп ғасырлық достығын көрсетті. Бишілер ұжымы да мақтау қағаздарымен марапатталды.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено