22 Наурыз мерекесі аясында «Қазақ киіз үйі» ашылуы
21.03.2018 Астана қаласы №49 орта мектебінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақтың қара шаңырағының бірі-Қазақ киіз үйінің ашылу рәсімі болып өтті. Арнайы мектебімізге Қошке Кемеңгерұлының немересі, ардагер ұстаз, Ресей Білім беру саласының үздігі-Кемеңгеров Ризабек Нарманбетұлы өз жанұясымен осы рәсімге қатысты. Қошке Кеменгерұлының «Алтын сақина» пьесасынан мектеп мұғалімдерінің қатысуымен көрініс көрсетілді. Бұл шара мектеп директоры Джумартова Данара Мейранбекқызының басшылығымен болашақ ұрпаққа ұлттық тәрбиені насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.


Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
