Анаға қарап қыз өсер...

02.03.2018

         Бүгін мектебімізде 4-сыныптар арасында «Анаға қарап қыз өсер...» атты 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған анасы мен қызы қатысқан керемет сайыс өтті. Сайысқа әр сыныптың шебер қолды, ұшқыр ойлы, талантты, жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шыққан аяулы аналары мен нәзік, ару қыздары қатысты. «Қыз анадан үйренбей өнеге алмас» демекші, 5 бөлімнен тұрған сайыста әрбір қатысушы ана өз шеберліктерін көрсетіп, қыздарына үлгі бола білді. Тартымды да тартысты сайыста 4 «Г» сыныбының намысын қорғаған Жанкиш Айсәуле мен анасы Нұрманғалиева Алтынай жүлделі І орынды иеленді. Айтып кететін жайт, Алтынай анамыз өзінің ақындық өнерімен, көркемсөз оқу шеберлігімен көзге түсті. Сайыстың бірінші бөлімі өзін таныстыру болса, үшінші бөлімі бесік жыры болды. Осы бөлімдерде Айсәуленің анасы өзінің қаламынан шыққан туындыларын халыққа паш етіп, әділ қазылардың көңілінен шықты. Әр сайыскер өздерінің жинаған ұпайларына қарай жүлделі орындарды иеленіп тиісті марапаттауларын алды. ІІІ орынды 4 «Б» сынып оқушысы Қайыркеш Мөлдір мен анасы Ахметова Мақпал және 4 «А» сынып оқушысы Исабек Гаухар мен анасы Раушан Серікқызы өзара бөлісті. «Жақсының жақсылығын айт, игілігі тасысын» демекші осы іс-шараға атсалысқан барлық аналарға, ұстаздарға және бүлдіршін балаларға алғысым шексіз.








Бастауыш сынып мұғалімі: Искакова Сандуғаш Жантасқызы



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено