«20 жылдыққа 20 жоба»

03.03.2018

Астана қаласының 20 жылдығына орай елеулі іс шаралар атқарып, қаламыздың жаһандануына үлес қосу арқылы балалардың бойындағы патриоттық сезімін арттырып, оқушылар мен ата-ананың мектеппен бірлесе атқаратын іс шаралар легін толықтыру мақсатында, мектебіміздің 1-11 сынып  ата-аналар комитетінің кезекті отырысында «20 жылдыққа 20 жоба» бағдарламасы ұсынылды. Мектебіміздің тынысы мен атқарылған шаралар жайлы мәлімет беріліп, болашаққа қойылған жоспарлар талқыланды.  Мектеп тарапынан ұйымдастырылған жұмыстардың легін ата-аналар өз тарапынан толықтырып, жаңа заман талабына сай тың жобалар бастамасын ұсынуға мүмкіндік алды. Оқушыларға қаламыздың ерекшеліктерін зерттеп, өз мекенінің тарихы мен тынысын терең зерделеуге мүмкіндік беретін жобаларды ата-аналар да құптап, қолға алуды жөн көрді.

       



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено