Астана қаласы №38 мектеп-лилейінде «Ынтымақ» желілік қауымдастық мектептері арасында – өткен семинар
02.03.20182018 жылдың 28 ақпанда мектеп-лицейінде «Ынтымақ» желілік қауымдастығы аясында «Оқушыға бағытталған оқу – тиімді кері байланыс» тақырында семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Серіктес мектептер аясында жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуге қатысты мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру, тәжірибе алмасу.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту аясында критериалды оқыту бойынша тәжірибемен бөлісу, ортақ проблемаларды анықтау және шешу жолдарын
№52 мектеп-гимназия «Тұма» қоғамдастығының мұғалімдері десанттық сабақтарын жоғары деңгейде өткізді. Жаңартылған білім мазмұны бойынша 7 «Ғ» сыныбына мектебіміздегі тарих пәнінің мұғалімі, жас маман Усембаева Ақжан мен орыс тілі пәнінің мұғалімі Амишева Айнаш кіріктірілген сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай байланыстырды?».
7 «Г» сыныбына химия пәнінен Дюсенова Г.А. «Валенттілік химиялық формулалар қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы малекулалық массаны есептеу» тақырыбында сабақ өткізді.
Бастауыш сынып мұғалімдері С.Т. Шалгымбаева, Д.К. Кунафина 2 «И» сыныбына әдебиеттік оқу пәнінен Қабдеш Жұмаділовтің «Ұзынсары» әңгімесі мен көркем еңбек пәнін Ою-өрнек тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізді.
Семинардың шебер сынып бөлімінде қалыптастырушы, жиынтық бағалау және кері байланыс бойынша жұмыс жасалды, оқыту мақсаттары мен бағалау критерийлерінің қатыстылығына тапсырмалардан мысалдар көрсетілді, оқыту нәтижелерін модерация жөнінде түсініктермен бөлісті. Семинар соныңда десанттық сабақ берген әріптестер Алғыс хаттармен марапатталды.



Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено