ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ-ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫ...
22.02.2018Бүгін 22 ақпан күні Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектебінде "Діни экстремизмнің алдын алу" мақсатында Әзірет сұлтан мешітінің наиб имамы Өткелбаев Бақытжан Мүфтіәділұлымен кездесу болып өтті. Кездесуге мектебіміздің 9-10 сыныптары қатысты. Теріс жолда жүріп қателескен адамдардың өмірінен үзінді бейнебаяндар көрсетіліп, Өткелбаев Бақытжан имамның аузынан тәлім-тәрбиеге толы әңгіме тыңдалды. Таза да адал жолдан таймаған бабалар жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі етерлік іс болмақ деген ойлармен кездесуіміз өз жұмысын аяқтады.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
