М.Мақатаевтың туған күні аталып өтті

16.02.2018

      Мектебімізде ақиық ақын – Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 
3-сыныптар арасында «Мұқағали оқулары» өткізілді.

     Сайыстың мақсаты: Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге  үйрету.
     М.Мақатаев оқулары үш номинация бойынша өткізілді. Сайыстың бірінші бөлімінде ақынның өлеңдері жатқа оқылса, сайыстың  екінші бөлімінде  оқушылар өз шығармашылықтарымен  жарысқа түсті. Ал үшінші бөлімінде ақынның сөзіне жазылған әндер орындалды.    
     Қатысушы оқушылардың шығармашылық талғамын, мәнерлеп жатқа айту деңгейлерін, сахнада ұстау мәдениетін әділқазы алқасы бағалады.
 







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено