"Өзін-өзі тану" апталығы

13.02.2018

 

         Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында 2018 жылғы ақпан айының 1-12 аралығында «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»  атты республикалық  онкүндік өтті.
         Мақсаты: Махаббат, шындық, әділ тәртіп ішкі дүние тыныштығы мен зорлық жасамау жалпы адамзаттық құндылықтарының маңыздылығын кеңейту.Оқу процесі мен адамгершілік- рухани тәрбиені біріктіру.
Айгүл Тулеуовна мен Баян Сейтжановнаның басшылығымен пән мұғалімдері мектепішілік іс-шаралар өткізді.
№2 мектеп-гимназиясында өзін- өзі тану пәнінен 8 мұғалім сабақ береді . Іс шараны өткізуде барлық мұғалімдер үлкен жауапкершілікпен атсалысты. Онкундік барысында қызықты сабақтан тыс іс-шаралар, танымдық ашық сабақтар , шығырмашылық сайыстар, мектеп ата- аналары мен мұғалімдері арасында  кездесулер өткізілді.
         Әр іс-шара жалпы адамзаттық құндылықтың маңыздылығын ашты. Мұғалімдер мен оқушылар үлкен жігер, позитивті ойлау мен жақсылыққа сенімділік ала алды.
1-інші ақпанда бірыңғай жақсы тілек күні өтті. Екі аусымда ашық  салтанатты жиын өтті.      
9.02,10.02 күндері « Өнерлі бала сүйкімді», «Мейірімділік- асыл қасиет», «О  доброжелательности», «Как прекрасен этот мир!» «Щедрость и великодушие» атты ашық сабақтар өтті. Бастауыш сынып мұғалімдері Аралова МТ, Капатаева К.К, Бекибаева Л.В, Аманжолова А.Е,Сансызбай Н. өз оқушыларымен өзін-өзі тану әлеміне саяхат жасады.
7 «А» сыныбында өткен «Мейірімділік – асыл қасиет» атты  тәрбие сағаты өтті.Пән мұғалімі Ибраева Б.С.Сабақта мейірімділік,Отан туралы, мектеп туралы, жақындарына деген махаббат туралы көп айтылды. Оқушылар үшін мұғалімдердің мейірімділігі маңызды.            
 Балалар түрлі-түсті қағаздан жасалған жүрекшелерге бір-біріне жақсы  тілектер: бақыт, табыс, денсаулық ,жақсы көңіл-күй тіледі, сонымен қатар мұғалімгеде тілек жазылған жүрекше берді.
8 сыныпты Нурушова Г.Ж. қалалық қойылымға қатыстырып, көрермендердің жылы ықыласына иеленді. 3- сыныптар арасында «Кәусар бұлақ-тұнығынан» атты жарыс сабағын  Аралова М.Т. мен Кәменова Ж.К. өткізді.
  5.02 күні «Ана, мейірім,бейбітшілік және достық туралы» балалар шығармашылық жұмыстарының көрмесі болды. Орта және бастауыш сынып  оқушылары ат салысып,  7 сынып оқушысы Успенова Алина ( жетекшісі: Сатубалдина Ж.К.) жақсы жұмысымен көзге түсіп, қалалық жарысқа жолдама алды.Қалалық жарыстан ІІ Дәрежелі Дипломды жеңіп алды.
6 –ақпанда Тажикеева Б.И. басшылығымен  мектепте «Алтын жүрек анамыз», «Сердце, наполненное любовью» атты мәтінді мәнерлеп оқу байқаулары  5-11 сынып аралығында өтті.         
Осы жарыста 5 «А» сыныбының оқушысы Абдуахит Томирис жеңіп, қалалық сайысқа жолдама алып, ІІІ Дәрежелі Дипломды жеңіп алды.
Мектебімізде онкүндікте 1-10 сыныптар арасында «Ән- көңілдің ажары» атты әннен конкурс болды.Конкурсқа көптеген оқушылар қатысты. Конкурс өте қызықты өтті. 10-шы ақпанда мектебімізде «Жүректен жүрекке » атты қайырымдылық акциясының қорытынды жиыны болды.Онда мектепке қол үшін беріп көмектескен ата-аналар  марапатталды.Сонымен қатар  мектепте өткен онкүндікте ат салысқан оқушыларды да марапаттады.Жарыста жеңген оқушылардың қатысуымен галаконцерт болды.
12-ші ақпан күні барлық сыныптарда « Мейірімділік – асыл қасиет», «Өнеге -отбасынан», «Кәусар бұлақ - тұнығынан» атты сынып сағаттары өтті.
Сол күні мектепте салттанатты онкүндіктің жабылуы  болып өтті.

     

     

     

     

     

     










Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено