«Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай...» атты әдеби-сазды кеш
09.02.2018 Бүгін мектебімізде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай...» атты әдеби-сазды кеш өтті. Мұқағалидың өлеңдерін жатқа оқыған 10-11 сынып оқушылары көрермендердің қошеметіне бөленді. Ақынның өлеңдеріне жазылған «Жас қайың», «Туған өлке» әндерін 9 «В» сынып оқушылары Дарбаев Ғалымжан мен Сабитова Дилназ нақышына келтіріп орындады. 10 «А» сынып оқушылары «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісі бойынша көрініс қойды. Жас ақындар Мұқағали Мақатаевқа арнау өлеңдерін оқыды. Кеш барысында мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдаханова Алтынай Сайлауқызы құттықтау сөз сөйлеп, белсене қатысқан оқушыларға алғысын білдірді.

Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
