Кадет сыныптарына жалауды табыстау  

03.02.2018

ҚР Қорғаныс министрілігімен қызметтестігі және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2018 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Қарулы күштер әскери-патриоттық орталығында кадет сыныптарына жалауды салтанатты табыстау рәсімі өтті  ( 4, 16, 29, 35, 37, 53, 63, 70, 71, 77, 78, 80 мектептері, 200 оқушы)Табыстау рәсімі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник С. Жасұзақов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев, ҚР БҒМ маманы К.Жахиннің қатысуымен өткізілді.  Кадет сыныптарына туды табыстау, жауынгер туының ұшқыны ретінде:  ар-намыстың, ерліктің, борыштың таңбасы, Астана қаласының 20-жылдығында, кадеттердің дамуына оңтайлы жігерлік береді, АӘД ұйымдастырушы-оқытушылары үшін қазақстандық патриоттығын қалыптастыруда «тиімділік үлгісі» болып табылады. Астана қаласында 20 мектеп базасында 30 кадет сыныптары құрылған, 650 кадет санымен.    



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено