Мұқағали
13.02.2018
Бүгін ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мұғалім Сердалиева Толқынай «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды сайысын өткізді. Сайысқа 6 «А», 6 «Ә», 7 «А», 8 «А» сыныптары қатысты. Сайыс «Бәйге», «Полиглот», «Ғажайып жетілік», «Жорға» кезеңдерінен тұрды. Сайыскерлердің барлығы ақын туралы деректерді ізденгендіктерін көрсетті. Сайыс нәтижесінде 7 «А» сынып оқушысы Есекеева Амина «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атанды. Сонымен қатар 5 «А», «Ә» сынып оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа айтып, ақынға рухани тағзым етілді.


Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
