«Елім деп соққан жүрегім»
02.02.2018
№52 мектеп-гимназияның 9 «Г» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен Тұңғыш президент күніне орай «Елім деп соққан жүрегім» атты ашық сынп сағаты болып өтті. Сынып сағатына оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Сейтенова Маржан Сәрсембаевна, тәрбие ісі жөніндегі диретор орынбасары Аппазова Ләйлә Сағиқызы, мектеп тәлімгері Искакова Айханым Елубаевна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тубекбаева Баян Мырзатаевна және де 9 «Ғ» сыныбы қатысқан болатын. Сынып сағаты барысында оқушылар өздерін патриоттық қырынан көрсете білді. Шопбаев Нұрбол әннен шашу шашса, Тоқтарбекова Малика монолог оқып, өзінің «Тәуелсіздікке тартуым» атты авторлық өлеңін оқыды. Сынып сағатының қорытындысы ретінде сынып оқушылары Қайрат Нұртастың «Қазақстаным» әніне флешмоб биледі. Осылайша оқушылар Президентіміздің өмір жолынан және тәуелсіздігіміздің даму тарихынан да сабақтар алып, патриоттық білім нәрімен сусындап шықты. Оқушылардың жүрегінен еліне, жеріне деген сүйіспеншілік ұшқыны қайта жанғандығы байқалды.
Оқушылардың жұмысына баға беру мен сараптау мақсатында мектеп диреторының орынбасарларына сөз кезегі ұсынылып, олар өздерінің бүгінгі кештен алған әсерлерімен бөлісті. Оқушыларға үлкен алғыс айтып, алдағы уақытқа сәттілік тіліді.



Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено